Экономика
Білім министрлігі мектептердегі сабақ уақытының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді

Білім және Ғылым Министрлігі Астана мектептерінде бірінші ауысымды 7:40-қа ауыстыру туралы Ақорда Әкімдігінің ұсынысын қарап жатыр. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" АА хабарлайды.
Бейсенбі күні Астана әкімдігі мектепте сабақты 7:40-та бастау мәселесін ата-аналармен бірге қолға алу қажет деген мәлімдеме жасап, түсіндіру жұмыстарын қолға алу тапсырылды. Ұсыныстың басты мақсаты - қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту. Бұл туралы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: "Қазіргі таңда бұл мәселе Астана әкімдігімен бірге талқыланып жатыр. Бәрін саралап, нақты жауап береміз", — деді министрлік отырысында. Осыдан кейін Фейсбук әлеуметтік желісінде төмендегідей сурет пайда болды.