Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Білім саласына бөлінетін қаржы көлемі азайып барады

Білім саласына бөлінетін қаржы көлемі азайып барады

Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – Білім саласының жалпы инвестициядағы үлесі де 3%-дан 1,9%-ға дейін кеміген, деп хабарлайды finprom.kz.

Білім саласына бағытталған инвестиция 2017 жылмен салыстырғанда 16,4%-ға немесе 20,2 млрд теңгеге азайған. Көрсеткіш биыл 103,3 млрд теңгені құрады. Ал, өткен жылы 123,5 млрд теңгеге тең болған еді.

Астана қаласының білім саласына салынған инвестиция 1 жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 38,1%-ға азайған. Соған қарамастан Астана қаласы білімге инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Жеті ай ішінде елордамыз бұл салаға 19,1 млрд теңге бағыттаған екен. Ал, былтырғы көрсеткіш – 30,9 млрд теңге.

Алматы қаласы қаңтар-шілдеде білім саласына 13,7 млрд теңге бөлген екен. Бұл былтырғы көрсеткіштен (12,2 млрд теңге) 12,1%-ға жоғары.

Түркістан облысы білім саласының қажеттіліктеріне 11,2 млрд теңге бағыттап, инвестиция тарту көрсеткіші бойынша үштікті түйіндеді.

Ал, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстары білім саласына инвестицияны тарту бойынша көш соңында қалып отыр. Қостанай бұл мақсатқа 834 млн теңге жұмсаса, Батыс Қазақстан облысы 1,6 млрд теңге бағыттаған.

Негізінен білім саласына қажетті қаржы жергілікті және республикалық бюджеттерден бөлінеді. 2018 жылғы қаңтар-шілдеде жергілікті қазынадан 37 млрд теңге, республикалық бюджеттен 35,9 млрд теңге бөлінген. Бұл салаға бағытталған барлық инвестицияның 70,6%-ы.

Сондай-ақ бизнес өз қаржысынан 25,4 млрд теңге бөлген. Бұл 1 жыл бұрынғы деңгейден 39,3%-ға аз. Өткен жылы бизнес білім саласына 41,9 млрд теңге бөлген еді.

Похожие материалы