Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Білім және Ғылым министріне отставкаға кетуді ұсынды

Білім және Ғылым министріне отставкаға кетуді ұсынды
Бүгін Мәжілісте «Ақ жол» партиясының фракциясы Білім министрлігі ұсынған заң жобасын қолдаудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz. Фракция жетекшісі Азат Перуашев министрлік ұсынған заңды қолдай беруден гөрі министрді ауыстыру оңай деп салды. Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте «Білім беру мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң  жобасы талқыланған болатын. Онда ЖОО-ын жалпылай аттестациядан өткізуден бас тартып, тәуелсіз аккредитациялау  туралы айтылған еді. Министр өз кезегінде аталған сайтқа берген сұхбатында Перуашевтің бүгінгі мәлімдемесін шағын жекеменшік ЖОО-ының және жеке аккредитациялық агенттіктердің лоббиімен байланысты деп мәлімдеді. Оның айтуынша шағын ЖОО-ы білімді, агенттіктер бағалауды бизнеске айналдырған.          

Похожие материалы