Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Билл Гейтстің байлығы 100 млрд долларға жетті

Билл Гейтстің байлығы 100 млрд долларға жетті

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің жағдайы соңғы 20 жылда алғаш рет 100 млрд доллардан асты. Мұндай деректі Forbes ұсынды.

Басылымның хабарлауынша, Гейтстің қаржысының көбеюіне компанияның қаржылық есебін шығаруы кезінде Microsoft акцияларының құнының өсуі әсер етті.

Соңғы рет бизнесмен жағдайы 1999 жылы 100 млрд доллардан асты. Инфляцияны ескере отырып, қазір бұл 150 млрд доллар болар еді, деп есептейді Forbes.

Айта кетейік, Гейтс әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынды иеленеді. Бірінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, оның жағдайы - 153,2 млрд доллар.

Бірақ жақын арада Безостың байлығы екіге бөлінеді. Себебі, бұған дейін ол әйелімен ажырасатынын жариялаған болатын. Әйелі Маккензи Джефф Безостың Amazon-дағы үлесінің төрттен бір бөлігін алады.

Похожие материалы