Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Билл Гейтс $4,6 млрд қайырымдылыққа жұмсайды 

Билл Гейтс $4,6 млрд қайырымдылыққа жұмсайды 

АҚШ. 15 тамыз. 7kun.kz - Билл Гейтс Microsoft компаниясының 64 млн акциясы түрінде $4,6 млрд қайырымдылыққа жұмсайды. Бұл оның 2000 жылдан бергі қайырымдылыққа қосқан ең үлкен үлесі, деп хабарлайды CNBC.

Қаражат 6 шілдеде аударылған. Алайда оның кімге берілгені айтылмайды. Гейтс ең ірі қайырымдылығын 1999 жылы жасаған. Онда ол Microsoft акциясы түрінде $16 млрд, бір жылдан кейін $5,1 млрд бөлген еді. Оның әйелі екеуі ашқан қайырымдылық қоры арқылы 1994 жылдан бері $50 млрд қайырымдылыққа жұмсаған. Билл Гейтстің әлемдегі ең қалталы адам екені белгілі Оның байлығы $90 млрд құрайды.

Похожие материалы