Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Билл Гейтс ең бай адамдар тізімінде қайтадан көш бастады

Билл Гейтс ең бай адамдар тізімінде қайтадан көш бастады

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz - Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос Forbes The World's Billionaires нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың рейтингіндегі бірінші орнынан түсіп қалды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Мәліметтер бойынша, Microsoft басшысы Билл Гейтс қайтадан жетекші орынға шықты. Безостың байлығы 543 млн долларға түсіп қалып, 88,7 млрд долларға бағаланып отыр.

Гейтстің капиталы 89,8 миллиардты құрайды. Ал Bloomberg Безостың қаражатын 89,3 млрд долларға, Гейтстікін 90,7 млрд долларға теңеді. Безостың жетекшіліктен түсіп қалуына Amazon акциясының құлдырауы себеп болды. Бұл тізімде үздік үштікті (Forbes, Bloomberg нұсқасы бойынша) Inditex холдингінің басшысы Амансио Ортега түйіндеді.

Еске салсақ, бұған дейін Аmazon.com интернет-компаниясының басшысы миллиардер Джефф Безос Microsoft негізін қалаған Билл Гейтсті басып озғанын хабарлағанбыз.

Похожие материалы