Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Билл Гейтс инстаграм желісіне тіркелді

Билл Гейтс инстаграм желісіне тіркелді

Танзания. 14 тамыз. 7kun.kz - Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің бірінші жазбасы Шығыс Африкадағы Танзанияға баруы туралы болды.

Оның айтуы бойынша ол әйелі Мелиндамен Танзанияға бұрыннан барып тұрады екен. Осы жылдар ішінде Танзания денсаулық сақтау саласында біраз жетістіктерге жетті.

[caption id="attachment_75675" align="aligncenter" width="881"]Билл Гейтс Фото: strana.ua[/caption]

“Осындай жерлерге келген сайын, басқалар да менімен бірге осы жерлерді көріп, мен кездестірген адамдармен кездессе екен деп тілеймін,” - деп жазады ол парақшасында.

Қазір оның парақшасы тексерістен өтіп расталды. Билл Гейтс Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберктің парақшасына, Instagram желісінің негізін қалаушылардың бірі Майк Кригердің, миллиардер Майк Блумбергтің парақшаларына және The Economist басылымы мен NASA ұйымының парақшаларына, барлығы 25 аккаунтқа жазылды. Соңғы тәуліктің ішінде Гейтстің парақшасына 60 мыңнан астам адам жазылды.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың ақпанында Билл Гейтс қытайлық танымал ресурс WeChat-та тіркелген болатын.

Дінмұхамед Алдаберген

Похожие материалы