Вашингтон. 24 қазан. 7kun.kz - "Билл Гейтс және Милинда Гейтстер қоры" АҚШ-тың мемлекеттік мектептеріне 1,7 млрд доллар қаржы бөлді деп жазады Washington Post.
Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс қаржыны "Билл және Мелинда Гейтстер қайырымдылық қорынан" бөлді.
Билл Гейтстің сөзінше, қаражаттың 60 пайызы мемлекеттік мектептерде оқитын оқушылардың эксперименттік оқыту әдісіне кетеді. Кейінгі 15 пайызы мүмкіндігі шектеулі балалардың мектептеріне, 25 пайызы білім жүйесіне бөлінеді.
Сарапшылардың есептеуінше, қазірге уақытқа дейін Билл түрлі қайырымдылық шараларына 35 млрд доллар жұмсаған.