Экономика
Бір айда e-gov арқылы 1 млрд теңге төлем жасалған
2015 жылдың маусым айында Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы 1 млрд-тан астам теңге сомасына 100 мыңнан астам төлем жүргізілді. Бұл айсайынғы транзакциялар арасында абсолюттік рекорд болып табылады, деп хабарлайды BNews.kz.
Өткен жылдың маусым айында бұл сома 191 млн теңгені құрады, ал бүкіл 2014 жыл бойынша – 3 млрд теңге. 2015 жылы төлемдердің жалпы сомасы 4 млрд теңгеге жақындады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандықтар eGgov арқылы көбінесе жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды, мемлекеттік бажды, салықтарды және ұялы байланыс үшін төлемдерді төлейді. Осы жылдың маусым айында ғана ЭҮТШ арқылы мемлекеттік қазынаға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 800-ден астам миллион теңге, мемлекеттік баж үшін шамамен 64 миллион теңге, 35,5 млн теңге салық келіп түсті. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері өздерінің депозиттік және несиелік шоттарына 52 млн-нан астам теңгені аударды.
Естеріңізге салсақ, электрондық үкімет порталының пайдаланушылары онлайн режимінде мемлекеттік қызметтер үшiн төлемдер, салықтар, айыппұлдар коммуналдық қызмет, байланыс қызметі, ұялы байланыс, мемлекеттік баж салығын төлей алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшоттарды толтыра алады.