Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – Алматы облысында ер адам бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлеуметтік желілерде полицейлер жедел жәрдем көлігін қуып жүргені байқалатын тарады.
Алматы полициясы мәліметінше, 31 шілдеде сағат 21.45-те Құлжа тасжолы бойындағы тұрғын үй кешені аумағынан BMW көлігі ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Ұры басқа көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай Есік қаласына жеткенде, қарсы жолаққа шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол жол апаты болған жерден қашып кеткен.
Көп ұзамай күдікті қыздың Nissan көлігін ұрлап кеткен, алайда тасжолда аударылып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған кезде, шабуылдаушы ол көлікті де ұрлап кеткен.
«Облыстық жедел жәрдем бекетіне тиесілі Jac Sunray-мен қалаға қайта келгенде, оны патрульдік полиция экипажы "Ұстау" жоспары бойынша ұстады. Күдікті – 1994 жылы туған ер адам, медициналық куәландыру барысында есірткі тұтынғаны анықталған. Ол қамауда», – деді полицейлер.
Медеу аудандық ПІБ жанындағы полиция бөлімінде, сондай-ақ, Еңбекшіқазақ АІІБ-да бөтен көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша үш қылмыстық іс тіркелген.