Американдық Tesla Motors Inc. бас директоры Элон Маск Твиттердегі микроблогында 30 сәуір күні компанияның халыққа жаңа өнім ұсынатындығы туралы жариялады. Твит пайда болған соң Tesla акциялары 3%-ға өсіп кетті деп хабарлайды Ведомости.
Ал, Facebook қолданушысы Ержан Рашевтың жазуына қарағанда, акциялар 10 минут ішінде 4%-ға бір-ақ қымбаттаған. Сондай-ақ, Pandodaily ресурсы да осы мәліметті келтіріп отыр.
Жазбада маңызды жобаның жарық көретіні, алайда оның автокөлік еместігі көрсетілген. Өнім презентациясы 30 сәуірде калифорниялық Хоторн қаласындағы компанияның дизайнерлік студиясында өтеді.
Major new Tesla product line -- not a car -- will be unveiled at our Hawthorne Design Studio on Thurs 8pm, April 30
— Elon Musk (@elonmusk) 30 Март 2015
Элон Масктың твиті қолданушылар арасында үлкен пікірталас туғызып, жаңа жоба туралы түрлі нұсқалардың пайда болуына алып келді. Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, ол электр желісіне қосылмаған үйлерді электр қуатымен қамтамасыз ететін энергияның жаңа көзі болуы мүмкін.