Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бір жылда «Жеке кәсіпкерлер» саны күрт артқан

Бір жылда «Жеке кәсіпкерлер» саны күрт артқан

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда соңғы бір жылда тіркелген Жеке кәсіпкерлер (ИП) саны өскен. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі кәсіперлер саны 36%-ға артқан, деп хабарлайды 7kun.kz.

29 жасқа дейінгі жеке кәсіпкерлер үшін ең танымал қызмет саласы – көтерме және бөлшек сауда. Бұған дейін де солай болған. 2022 жылдың сәуірінегі есеп бойынша Қазақстанда 29 жасқа дейінгі 211,9 мың жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер болды. Бұл өткен жылғы наурыздың қорытындыларымен салыстырғанда бірден 36,4%-ға артық. Мұндай мәліметтерді finprom.kz келтірді.

Соңғы дерек бойынша, жұмыс істеп тұрған барлық жеке кәсіпкерлердің саны бір жылда 8,3%-ға, яғни 1,2 млн-ға дейін өсті.

29 жасқа дейінгі жұмыс істеп тұрған ЖК арасында гендерлік бөліністе ерлер әзірге басым: 102,8 мың әйел кәсіпкер, 109,1 мың ер кәсіпкер. Бұл ретте, егер кәсіпкер ерлер саны бір жылда 24,7-ға өссе, әйелдер саны бірден бір жарым есе өсті.  

Ал өңірлер бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанға тиесілі. Алматыда 33 мың және Нұр-Сұлтанда 24,7 мың. Ең аз кәсіпкер жастар Солтүстік Қазақстан (2,6 мың), Павлодар (5 мың) және Ақмола (5,5 мың) облыстарында тіркелген.

Похожие материалы