Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бірінші наурызға арналған металл және мұнай бағамдары

Бірінші наурызға арналған металл және мұнай бағамдары

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Бірінші наурызға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: investing.com хабарлауынша, Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының мамыр фьючерстерінің құны 0,03% - ға, барреліне 66,54 долларға дейін көтерілді. WTI фьючерстерінің бағасы 0,46% - ға, барреліне 57,22 долларға дейін өсті.

Металдар: бейсенбі күні алтын бағасы АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы келіссөздер кенеттен тоқтатылғанына байланысты көтерілді. Бұдан басқа, АҚШ пен Қытай арасында сауда келісімін жасау мүмкіндігі төмендеді. 21:45-те Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,37% төмендеп, бір троялық унциясы 1 316,2 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны  0,59%-ға төмендеп, бір троялық унциясы  15,5 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша  21:54-те bitcoin 3 896,90 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,78%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 67,4 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,54%–ға төмендеп, 138,51 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 14,5 млрд долларды құрады.  Нарықтың жаһандық капитализациясы – 119,8 млрд доллар. 


Похожие материалы