Экономика
Авто
Бірінші тоқсанда Kaspi Bank-тің таза табысы 15,8 есеге өсті
Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында Kaspi Bank-тің таза табысы 7,903 млрд теңге болды. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,8 есеге жоғары. Бұл туралы банктің қаржы есебінде жарияланды.
Шетел валютасындағы операциялардан түскен таза табысы 13,761 млрд теңгені құрады. Былтыр бұл көрсеткіш3,81 млрд шығынмен жабылған еді.
Салыққа дейінгі таза табысы 5,9 есеге өсіп, 9,472 млрд теңгені, операциялық кірісі 21,7 % өсіп, 38,446 млрд теңгені құрады. Таза табысы 1,5 есеге өскен. Оның көлемі 15,791 млрд теңге болды.
Банк активтері жыл басынан бері 1% немесе 1,23 трлн теңгеге өскен. Міндеттемелері 0,2%-ға немесе 1,085 трлн теңгеге, жеке капиталы 6,4% өсіп, 145,316 млрд теңге, жарғылық капиталы өзгеріссіз, 13,188 млрд теңге болды.
Клиенттерден тартылған қаражат портфелі 0,6% өскен, ол 819,438 млрд теңге, кредит портфелі де өскен. Өсім 0,7%, 719,92 млрд теңгені құрады.
Қр Ұлттық банкінің 1 тоқсандағы мәліметі бойынша Kaspi Bank актив көлемі жағынан 33 банктің арасында 8 орынді иеленді.