Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бишімбаев адвокаттары журналистерден объективті ақпарат таратуларын өтінді

Бишімбаев адвокаттары журналистерден объективті ақпарат таратуларын өтінді

Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz - Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары журналистер мен БАҚ өкілдеріне арналған хабарлама жариялады

Бұған айыптамалық сипатта және "шулы" тақырыптармен жарияланған материалдар себеп болған. Қорғаушылардың атап өтуінше, қылмыстық іс тек зерттеу барысында, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"ҚР Қылмыстық Кодексіне сай тек кінәсі нақтыланған тұлғалар ғана қылмыстық жауапты деп танылады. Біздің Конститутциямызда (77 бап.) жазылған: кінәсі сот арқылы заңды түрде бекітілмегенге дейін жеке тұлға қылмысқа кінәлі деп танылмайды. Атап өтейік, сот кінәлі деп таппайынша ешкімді қандай-да бір ісі бойынша кінәлі деп айтуға болмайды. Жоғарыда аталған материалдарда ашық түрде біздің қорғалушымыз "кінәлі" деп жазылған, осы арқылы қоғамда қорғалушымызға қатысты негатив пікір қалыптасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Заңгерлердің сөзінше, "тергеу аяқталмаған және сотпен қаралмаған істер бойынша Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлына қатысты жаңсақ материалдар таратылмауы қажет".

"Қазақстан Республикасы "БАҚ туралы заңының" 25 бабына сәйкес, азаматтың намысы мен абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапқа тартылады. Осыған байланысты барлық БАҚ-тан біздің қорғалушымызға қатысты айыптау ақпарттарынан және "шулы" тақырыптардан бас тартуды сұраймыз. Ол материалдарда адам өмірі туралы жазылғандығын ұмытпайық. Біз істің барлық детальдарын ашып бере алмаймыз, бірақ барлық ақпаратты заң тәртібі бойынша таныстырамыз. Қорғалушымызға қатысты іс әділ, объективті түрде қаралады деп сенеміз", - делінген қорғаушылардың мәлімдемесінде.

Похожие материалы