Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
   

Астана. 6 сәуір. 7kun.kz – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске (ЖЕЭК) дайындық аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин видеоконференция режимінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.

ҚР Премьер-Министрінің Бақытжан Сағынтаев баспасөз қызметіне хабарлағандай Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентінің кеңес пен комиссия алқасына кедендік әкімшілендіру саласындағы бірқатар актілерді бекіту бойынша өкілеттіктерді бөлу бөлігіне түзетуді мақұлдады. Бұл түзетулер ЕАЭО Кеден кодексін тиімді іске асыру үшін Кеңес мүшелері ЖЕЭК отырысында қарау үшін мақұлдады.

Негізгі бағдарлар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді тиімді экономикалық дамытуға жағдай жасау бойынша ұсынысты қамтиды.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері халықаралық ынтмақтастық саласында бірнеше мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға алып келетін консультация өтті, «Кеден одағы комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» ЕЭК Кеңесінің шешімдері қаралды.

           

Похожие материалы