Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биткоин бағамы бір тәулікте 0,08%-ға төмендеді

Биткоин бағамы бір тәулікте 0,08%-ға төмендеді

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Facebook әлеуметтік желісі бірнеше фиаттық валюталар қолдайтын өзінің жеке сандық валютасын жарыққа шығармақ, - деп хабарлайды Forex Club.

Бұл жақсы жаңалыққа қарамастан Libertex мәліметтері бойынша, криптонарықта биткоин бағамы бір тәулікте 0,08%-ға төмендеп, 5229 долларды құрады. Ethereum осы уақытқа дейін 0,51%-ға, яғни 177,4 долларға дейін арзандады, капитализациясы 18,7 млрд долларға тең. XRP бағасы бір тәулікте 0,29%-ға төмендеп, 14,7 млрд доллар капиталдандырумен 0,349 долларды құрады. Litecoin 1,14%-ға, яғни 86,6 долларға дейін арзандады, оның капитализациясы 5,3 млрд долларға жетті.

Криптонарықтың жалпы капиталы 179,9 млрд долларды құрады.

Қаржылық скауттардың пікірінше, криптовалюта қазір қайта сатып алулар кезеңінде, осыған байланысты биткоин жақын арада 5200 долларға дейін, Ethereum – 176 долларға дейін, XRP – 0,34 долларға дейін, Litecoin – 85 долларға дейін арзандауы мүмкін.

Похожие материалы