Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Coinmarketcap биржасында биткоин бағамы 10 мың АҚШ долларынан төмен түсті. Бұл ақпарат сауда-саттық мәліметтерімен дәлелденді, деп хабарлайды Today.kz.
31 қаңтар 09:55 уақыты бойынша белгіленген криптовалюта 9,363 мың долларды құрады. Оның бағамы 9,62 пайызға төмендеді.
Айта кету керек, сонымен қатар, басқа сандық валюталар да арзандады.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, алғаш рет биткоин мөлшерлемесі 25,1 пайызға төмендеп, 10,5 мың деңгейге дейін кеміген.