Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ, елбасы жалақыны жергілікті деңгейде, облыс деңгейінде, ауылдарда тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың шалғайдағы қызметкерлеріне орташа есеппен 25%-ға арттыруды міндеттеді.
"Мұнда айтарлықтай диспропорция пайда болды - орталықтан аймақтарға. Біз оларды ұстап тұруымыз керек. Осы мақсаттар үшін 19-21 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді", - деді Н. Назарбаев.
Президент әлеуметтік саясат теңдестірілген болуы керектігін атап өтті.
"Біз нарықтық экономикада өмір сүреміз, әрбір отбасының әл-ауқаты оның жұмысына, табыстарына байланысты екенін әркім түсінуі тиіс. Сондықтан, мемлекеттің басты міндеті - адамдардың өмір сүру үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұқтаж адамдарға көмек көрсету керек, және қатаң мақсатқа жету керек. Мен жеке қадағалаймын және біздің партиялықтардан осыны ескеруді сұраймын. Бөлінген қаражаттың барлығы әр отбасына және әр адамға жету үшін", - деді ҚР Президенті.