Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты елімізде екінші жыл қатарынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. 2017 жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2018 жылдың жоспары — 12,1 млн шаршы метр. Бұл туралы ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.
26 жылда 1,1 млн тұрғын үй салынса (жылына шамамен 40 мың), «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың 15 жылында 1,5 млн тұрғын үй, яғни 2,5 есе көп немесе жылына 100 мың тұрғын үйден салу жоспарланған.
2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінің 112% құрады, ал жылдық жоспар 64%-ға орындалған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарды толық көлемде орындау көзделген. Республика бойынша барлығы 67 055 тұрғын үй пайдалануға берілген, соның ішінде 26 665 — жеке үй.