Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл ең жоғары инфляция Павлодар облысында тіркелді

Биыл ең жоғары инфляция Павлодар облысында тіркелді

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылы ең жоғары инфляция Павлодар облысында тіркелді. Азық-түлік тауарлары болса Астанада біршама қымбаттады. Азық-түліктік емес тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Атырау облысында байқалды. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Жыл басынан бері Қазақстанда негізгі тұтынушылық тауарлар бағасы 3,8 пайызға көтерілді. Неғұрлым көп өсім байқалған - азық-түліктік тауарлар. 2017 жылдың алғашқы 7 айындағы өсім - 4,6% пайыз болды. Азық-түліктік емес тауарлар болса 3,5 пайызға, ал ақылы қызметтер 3,3 пайызға қымбаттады.

Алайда 2016 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда қазіргі деңгей біршама төмен. Өткен жылы тұтынушылық тауарлар бағасы - 5,2 пайызға, азық-түлік тауарлары - 5,6 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар - 5,2 пайызға, ал ақылы қызметтер құны - 4,7 пайызға өскен.

2017 жылы тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің ең жоғары өсімі - Павлодар облысында байқалды. 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда баға өсімі - 5,2 пайызды құрады.

Екінші орында - Солтүстік Қазақстан облысы. Онда 7 айдағы инфляция деңгейі 5,1 пайыз болды. Алғашқы үштікті аяқтайтын - Атырау облысы. Мұнда жыл басынан бергі баға өсімі - 4,9 пайызды көрсетті.

Похожие материалы