Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл талапкерлерге бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлінді

Биыл талапкерлерге бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлінді

Нұр-Сұлтан. 7 шілде. 7kun.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 73 мыңға жуық грант бөлді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бакалавриатқа түсу үшін 2022-2023 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар саны көбейді. Көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлерге грант алу үшін көбірек мүмкіндіктер беріледі.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарламалары тобына – 17 794 грант бөлінді. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға» – 9 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 6 288 грант тиесілі. Биыл техникалық бағыттарға ерекше назар аударылып, мемлекеттік тапсырыстың үлесі 60%-ке дейін ұлғайды.

Сонымен қатар биыл магистратураға 13 мыңнан астам, ал докторантураға 1800-ден астам грант бөлінді.

2022-2023 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Қазақстан білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған.

Похожие материалы