Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Біз жаппай иммунизация жариялау шегінен алыспыз - Біртанов менингит туралы

Біз жаппай иммунизация жариялау шегінен алыспыз - Біртанов менингит туралы

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда аптасына менингиттің 1800 расталған жағдайы тіркелгенде ғана карантин жарияланады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Біртановтың айтуынша, ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, менингит кезінде карантинді декларациялаудың екі шекті деңгейі бар.

«Бірінші кезеңде кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар басталады. Бұл аптасына 100 мың адамға шаққанда үш оқиға болған жағдайда. Ал екінші деңгей эпидемиологиялық болып табылады. Бұған жаппай иммунизация қажет. Ол үшін елде аптасына 1800 расталған ауруға шалдығу оқиғасы болу керек. Ал бүгінде бізде ол біреу», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, соңғы жауап қайтару амалы үшін Қазақстан халқы шекті деңгейден әлдеқайда алыс, сондықтан халық алдын алу шараларын ұстануы керек.

«Біз шекті деңгейден алыспыз, сондықтан осы жағдайларда ғылымда дәлелденген факт: ДДСҰ дәлелденбеген әдістерді ұсынбайды. Профилактикалық шаралар - бұл аурудан өзіңізді қорғауға жеткілікті. Өйткені ауру ауа-тамшылы жолмен таралатын болғандықтан, көп адаммен бір бөлмеде ұзақ уақыт бойы болған жағдайда, әрине, маска киген дұрыс. Бактериялар таза ауада өледі. Күні бойы маскамен жүру қажет емес, тек белгілі бір жағдайларда ғана қолданған жөн», - деді Біртанов.

Похожие материалы