Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — 2016 жылдың қорытындысы бойынша, еліміздегі кәсіпкер әйелдер саны 4 пайызға, ал өз-өзін қамтамасыз ететіндер саны 35 пайызға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.
2015 жылдағы құлдыраудан кейін кәсіптерін ашқан қазақстандықтардың көлемі қайта қалпына келді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, тек өзін ғана емес өзгелерді де жұмыс орнымен қамтамасыз ететін әйелдер саны 31 мың адамнан асты. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда бұл 4 пайызға артық.
Еске салайық, еліміздегі кәсіпкер әйелдер саны 35 пайызға қысқарып кеткен еді. Дегенмен 2016 жылы өз-өзін еңбекпен қамтамасыз ететіндер саны бір жыл ішінде 5 пайызға артты.
Соңғы 2 жылда басшылық қызметтегі әйелдер үлесі де өзгерген. Егер 2015 жылға дейін бұл көрсеткіште ауылдық жердегі әйелдер саны басым болса (55 пайыз), 2015 жылы тенденция өзгеріп, қалалық жердегі әйелдер көрсеткіші алға шықты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, ауылда 13 мыңнан астам әйел өзін ғана емес өзгелерді де жұмыспен қамтамасыз етсе, қалада бұл үлес 18 мыңнан асады.
Бір жыл ішінде қаладағы қызмет беруші әйелдер саны 12 пайызға өсіп, ауылдағы көрсеткіш 6 пайызға азайды.