Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бизнестің барлық рұқсат құжаттары е-форматта рәсімделетін болады

Бизнестің барлық рұқсат құжаттары е-форматта рәсімделетін болады

2014 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бизнес үшін автоматтандыруға тиісті барлық рұқсат құжаттарын электрондық форматқа аударды. Осылайша, Елбасының рұқсат беру жүйесін жеңілдету мен бизнеске әкімшілік жүктемені қысқарту тапсырмасы орындалды деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

«Рұқсат құжаттары жүйесін автоматтандыру азаматтар мен рұқсатты беруге жауапты қызметкерлер арасындағы тікелей байланысты жояды. Өтініштер қатал кезек тәртібінде қарастырылады. Бұл осы саладағы жемқорлықтың жойылуына себепкер болады» - деп хабарлады «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ мемлекеттік органдардың АЖО дамыту жөніндегі директоры Бағлан Бекбауов.

«Атқарылған жұмыс талап етілетін құжаттар санын 50%-ға қысқартуға мүмкіндік туғызды. Бұрын маманға санат иелену туралы сертификатты алу үшін 10 құжат керек болатын. Қазір Е-лицензиялау порталында электрондық тапсырыс пен деректер формасын толтырса жеткілікті» - деп толықтырды ол.

Бүгінгі күні Қазақстанда бизнес өкілдері үшін 700 астам рұқсат құжаттары беріледі.

Ақпарат көзі: baq.kz

 

Похожие материалы