Қазақстан үкіметі бизнесті бастауға рұқсат беретін құжаттар көлемін 52%-ға дейін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
"Премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлік мәселелерін реттейтін ведомствааралық комиссияның отырысы өтті. Жиылыс кезінде сарапшы топ ұсынған ІІМ, Ұлттық банк және тағы басқа мемлекеттік мекемелерден алынатын 134 рұқсат қағазын қысқарту, жеңілдету туралы ұсынысы қаралып, қабылданды. Барлығы 367 қысқарту ұсынылды, бұл жалпы көлемінің 52%-ын құрайды",-делінген хабарламада.