Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бизнесті заңсыз тексергендер жазаланады

Бизнесті заңсыз тексергендер жазаланады

Астана. 6 ақпан. 7kun.kz - Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерді заңсыз қуғындаған мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлерін жазалауды талап етті. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Бас прокуратурамен бірге бизнесмендерге қатысты негізсіз қылмыстық іс ашқан қызметкерлерді анықтауы керек.          

«Мемлекет басшысы салық органдарының әрекетіне қатысты көп ескерту айтты. Ол салық заңнамасын тәжірибе жүзінде іске асыру кезінде асыра сілтеушілікке де байланысты. Бақыт Тұрлыханұлы, сізге мемлекеттік кіріс комитетінің бизнесті тексеру туралы жұмысын қайта қарау керек. Бір ай ішінде прокуратурамен бірге негізсіз жүргізілген істерді анықтаңыздар», - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Осыған дейін Н.Назарбаев соңғы 2 жылда Қазақстанда кәсіпкерлерге қатысты 17 мың қылмыстық іс қозғалды, олардың 9 мыңы қылмыс негізі болмауына байланысты тоқтатылды деп мәлімдеген еді.

«Біз заңға бизнес жүргізуді жеңілдету, процедураларды қысқарту туралы өзгерістер енгізіп жатырмыз. Соңғы 5 жылда құжаттар саны 3,2-ге дейін қысқартылды. Бірақ бір жағынан тура осы аралықта бизнеске қатысты нормативті-құқықтық актілер саны 1,7 есе ұлғайды, олардың ішінде 85%-ы әкімшіліктер мен мәслихаттардың актілері. Ұлттық экономика және әділет министрлігіне осы сұрақты реттеу туралы тапсырма беремін», - деп атап өтті премьер.

Бақытжан Сағынтаевтың мәліметінше, елде бақылау-барлау функциясын атқаратын 61 ведомство бар, олардың ішінде 45-і орталық органдар. Кәсіпкерлерге 28 мыңнан астам талап қойылады. Осыған байланысты ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ҰКП-ға барлық тексеру органдарының жұмысын оңтайландыру тапсырылды.

Похожие материалы