Экономика
"Бизнестің жол картасы" бағдарламасына қатысатын ТОП-10 банк белгілі болды
"Даму" қоры мемлекеттің "Бизнестің жол картасы-2020" (БЖК) бағдарламасына қатысатын ТОП-10 банкті атады. Несие ұйымдарының арасында төленген көмекқаржылар бойынша Халық банкі мен Жинақбанк көш бастап келеді деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша бойынша «БЖК 2020» бағдарламасымен жалпы сомасы 1 110 млрд теңге несиеге 5 579 субсидиялау шарттары жасалды. Жалпы сомасы 41,8 млрд теңге несиеге 792 несиені кепілдендіру жобасына қол қойылды.
Субсидиялау жобалары бойынша ең көбі Қазақстан Халық Банкінде (жалпы несие сомасынан 14 пайыз) 160,4 млрд.теңге сомаға (жалпы несие сомасынан 14 пайыз) 787 жоба және БанкЦентрКредитте – (жалпы несие сомасынан 10 пайыз) 112,4 млрд.теңге сома үшін (жалпы жоба санынан 13 пайыз) 713 жобаға қол қойылды.
Ал субсидиялау жобалары бойынша ең аз қол қойылғандары - ЭксимБанк, HSBC, «Қазақстан лизингтік жинақ банкі» ЖШС мен Қазақстан Шинхан Банкте жүргізілді. Мұнда әр банк пен лизингктік компанияларға 1 жобадан келді.
"Ең көп төленген субсидиялар «Жинақбанк» АҚ еншілес банкінде – 17,9 млрд.теңге (жалпы төленген қаражаттың 19 пайызы) және Қазақстан Халық банкінде – 13,6 млрд.теңге (жалпы төленген қаражаттың 15 пайызы)", - делінген қор хабарламасында.
Кепілдендіру бойынша ең көп жобалар «ЦентрКредит» банкінде – (несиенің жалпы сомасынан 14 пайыз) 5,7 млрд,теңгеге (жалпы жоба санынан 24 пайыз) 192 жоба және Қазақстан Халық Банкінде - (несиенің жалпы сомасынан 15 пайыз) 6,2 млрд,теңгеге (жалпы жоба санынан 22 пайыз) 171 жобаға қол қойылды.
Кепілдендіру бойынша ең аз жобаға AsiaCredit Bank, Қазинвестбанк және Қазақстан Шинхан Банкінде (әр банкке 1 жобадан) қол қойылды.
Ең көп шығарылған кепілдендіру сомасы «Жинақбанк» АҚ еншілес банкінде – 3 млн.теңге (жалпы кепілдендіру сомасынан 16 пайыз), Қазақстан Халық Банкінде – 2,9 млрд.теңге (кепілдендірудің жалпы саомасынан 16 пайыз).
"БЖК 2020" бағдарламасының әр құралдары бойынша банктердің қандай орындарға тұрақтағаны сараптау көмегімен анықталады. Қорытынды көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, «TOP-10»-та банктің орны да жоғары болмақ", - деп түсініктеме берілген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.