Экономика
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады
Алматы. 5 қазан. 7kun.kz - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын ұзартуды және оны жүзеге асыру үшін жыл сайын кем дегенде 30 млрд теңге қарастыруды тапсырды.
«2010 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске қостық. Аймақтарға сапарларымның барысында бұл тиімді бағдарлама екенін көрдік. Бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту қажет. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын кем дегенде 30 млрд теңге қарастырылуы тиіс.» - деді Нұрсұлтан Назарбаев жұма күнгі Астанада өткен Қазақстан халқына Жолдауы кезінде.