Жаңа технологиялар нарығында Iphone мен Samsung-тан басқа смартфон түрлері бар еді. Соның бірі - BlackBerry. Көбінде ол кәсіпкерлер мен саясаткерлерге арналған қауіпсіз гаджет ретінде танымал. BlackBerry бренді туралы толығырақ 7kun түсіндіреді.
BlackBerry қалай пайда болды?
Blackberry-ді ең алғаш Канадада телекоммуникациялық Research in Motion компанияcы ұсынды. Алғашқы телефон 1999 жылдан бастап сатылымға енгізілді.
2000-жылы 957 Proton телефоны пайда болады. 2004-жылы түрлі-түсті дисплеймен Blackberry 7210 сатылымға шығады.
Гаджет Qualcomm Snapdragon S4 (MSM8960) процессоры негізінде жұмыс істейді. 8 мегапиксельді негізгі және 2 мегапиксельді қосымша камералармен жабдықталған. Оперативті жадысы 2 Гбайтты, ал қосалқы жады 64 Гбайтды құрайды. Смартфон BlackBerry 10.3 операциялық жүйесі негізінде жұмысы істейді. Салмағы - 140 грамм.
[caption id="attachment_55693" align="alignnone" width="800"] Фото: rimblogs[/caption]Blackberry-ді айфоннан артық көретіндер де болған
АҚШ президенті Барак Обама 2007-2008 жылдардағы сайлау алдында үнемі Blackberry-ді қолданған. Тіпті гаджет саясаткер портретінің бір бөлігіне айналды. Дегенмен америкалық БАҚ Обама қызметіне кіріскен соң сүйікті гаджетінен бас тартады деп жазған еді. Заңға сәйкес АҚШ президентіне жеке байланыс құрылғысын пайдалануға тыйым салынған. Бірақ кейінірек оған Blackberry-ді пайдалануға рұқсат берілді.
«Шерлок» сериалындағы басты рөлдегі актер Blackberry 9700, ал «Карталы үйшік» сериалының кейіпкері BlackBerry Bold 9780 қолданған. «Аңшылар» фильмінде де Класа Граафа BlackBerry Porsche Design P’9981 смартфонын пайдаланғаны айтылады.
Ең қызығы Сара Джессика Паркер Vogue журналына берген сұхбатында BlackBerry өнімін ұнататындығын айтып өткен. «Gossip girl» сериалын көрген болсаңыз, басты рөлдегі актердың қолынан BlackBerry-ді байқауға болады.
Blackberry компаниясының жағдайы қандай?
Iphone мен Samsung сияқты әлемдік брендтер шыққан соң BlackBerry ұмытыла бастады. 2015 жылы BlackBerry үлесі әлемдік сауда да 0,3 пайызға кеміді. BlackBerry смартфондары енді сатылымға енгізілуін тоқтатты. Дәл қазіргі уақытта BlackBerrу-ді тек индонезиялық компания өз аумағында ғана шығара алады. Ал Рriv моделі смартфоны BlackBerry өнімінің соңғы шығарылымы ретінде тарихта қалады.
BlackBerry-дің бас атқарушы директоры Джон Ченнің сөзінше, смартфондар өндірісі тоқтатылып, компания оның орнына жоғары пайда әкелетін басқа бизнес түріне мойын бұрады. Жоспар бойынша, жаңа кәсіп бағдарламалық қамтамасыздандыру шығару болады. Бұл жаңалықты қор нарығы үлкен оптимизммен күтіп алып, компания акциялары бір күнде 4,6%-ға көбейді.
Жадыра БАҒАШАР "7"