Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Францияда жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязовті елге экстрадициялау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты қудалау органдарымен 2 қылмыстық іс қозғалған. Біріншісі, БТА банктің қаражатын жымқыруға қатысты. Екіншісі, Тәтішевтің өліміне байланысты. 2 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімінің күшіне енгеннен кейін тиісті экстрадиция бойынша Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттар жолданды», – деді Өмірәлиев.
Ол Әбілязовты елге қайтару бойынша жұмыс тоқтамайтынын атап өтті.
«Сұраныс хаттар біздің бақылауымызда. Олардың орындалуы үшін бар күшімізді саламыз», – деді ол.