Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bloomberg ең бай адамдардың тізімін жариялады

Bloomberg ең бай адамдардың тізімін жариялады

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz — Bloomberg агенттігі әлемнің ең бай 500 адамының тізімін жариялады, деп хабарлайды lenta.ru.

Tізімнің басында Microsoft-тың негізін қалаған Билл Гейтс (85,6 млрд долларов), екінші орында — америкалық бизнесмен Уоррен Баффет (78,9 млрд долларов), үшінші орында — Amazon басшысы Джефф Безос (73,5 млрд долларов) тұр.

Бұдан бөлек, алғашқы ондықта испаниялық Inditex компаниясының негізін қалаушы Амансио Ортега (69,3 млрд), Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг (59,1 млрд), мексикалық бизнесмен Карлос Слим (53 млрд), Koch Industries басшылары Чарльз және Дэвид Кох (48,1 млрд әрқайсысында), Oracle корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Эллисон (45,3 млрд) және IKEA-ның негізін қалаушы Ингвар Кампрад (42,9 млрд) бар.

Әлемнің Топ-500 ең бай адамдарының тізімі агенттіктің сайтында жарияланған.

Похожие материалы