Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Болат Әбілов жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеді

Болат Әбілов жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz –  Белгілі қазақстандық саяси қайраткер және бизнесмен Болат Әбілов Bizdin Tandau партиясын құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Bizdin Tandau атты жаңа саяси партия құратынымызды мәлімдейміз. Бұл - біздің демократия, бостандық, әділет үшін жасаған таңдауымыз», - деді Әбілов.

Сондай-ақ, жаңа саяси партия ҚР Конституциясына өзгерістерді және суперпрезиденттік басқару нысанынан парламенттік басқару нысанына көшуді қолдайтыны айтылды. Әбіловтың айтуынша, саяси ұйым Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуын және «Самұрық-Қазына» қорын жоюды ұсынып отыр.

Похожие материалы