Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Болат Назарбаев заңсыз иеленген жерлер мемлекетке қайтарылды

Болат Назарбаев заңсыз иеленген жерлер мемлекетке қайтарылды

Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Amanat партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров Болат Назарбаевтың заңсыз иемденген деп танылған жерлерді қайтаруға қатысты істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Партияның сайты Ерлан Сайыровқа сілтеме жасап, қазір Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысындағы 239 мың гектар, Жамбыл облысындағы 60 мың гектар жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар 59 жер учаскесі анықталып, олардың да иесі Болат Назарбаев екені анықталған.

Ақпаратты растау үшін Tengrinews.kz тілшісі Саировқа хабарласып көрген.

«Бізге Алматы облысындағы бір топ адамнан заңсыз әрекеттер туралы арыз түсті. Бас прокуратураға Алматы, Талғар, Астана, Қаскелең және Түркістан облысындағы 244 гектар жер бойынша сауал жолдадық. Қазір Бас прокуратура өкілдері бұл жерлердің көпшілігі заңсыз берілгенін анықтады. Бас прокуратура бұл жерлерді мемлекетке қайтару үшін іс-қимыл жүргізуде», – деді ол.

Ерлан Сайыровтың айтуынша, жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы дабыл түскеніне 6 ай өткен.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында атқарушы органдарға игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлерге қатысты шаралар қабылдауды тапсырған еді.

«Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жерлердің көлемі – шамамен 10 миллион гектар. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың аяғына дейін бұл жерлерге қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», – деді президент.

Похожие материалы