Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Болат Назарбаевтың өмірден өткені туралы ақпарат – фейк: Туыстары елге үн қатты

Болат Назарбаевтың өмірден өткені туралы ақпарат – фейк: Туыстары елге үн қатты

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – Болат Назарбаевтың ет жақындары оның өмірден өткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бүгін бірқатар телеграм арналар мен сайттарда экс-президенттің бауыры Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Экс-президенттің інісі ұзақ уақыт көмей ісігімен күресіп,  69 жасында Алматы ауруханасында қайтыс болды», – деп жазған еді дереккөз Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Әбішеваға сілтеп.

«Ауыр және ұзаққа созылған сырқаттан кейін әкеміз дүниеден өтті. Әлемнің қалай жұмыс істейтінін терең түсінетін, көп нәрсені болжай білетін жарқын, талантты, қамқор жан», – деген Әбішеваның сөзін JQ телеграм-каналы таратқан болатын.

Бұл ақпаратты оның ет жақындары теріске шығарды.

«Барлығы жақсы, алаң болмаңыздар. Оның беті бері қарап келеді. Қайтыс болғаны туралы алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырамыз», – деді Болат Назарбаевтың туыстары.

Сондай-ақ Алматы қаласының Денсаулық басқармасы да Болат Назарбаевтың өмірден өткені туралы ақпаратты растамады.

Похожие материалы