Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – Болат Назарбаевтың қызы 3 апта жұмыс істегеннен кейін судья қызметінен кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Orda.kz жазуынша, бұйрықтың негізінде Әбішева Гүлмира Болатқызы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап судьяның өкілеттігі тоқтатыла отырып, өз өтініші бойынша Алматы облысының Қарасай әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатылды. Оған президенттің 28 маусымдағы жарлығы мен Алматы облыстық соты төрағасының 2021 жылғы өкімі негіз болды», – деді сот өкілі.