Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Болгарияға саяхаттауға шықсаңыз... 

Болгарияға саяхаттауға шықсаңыз... 

Болгария ауқымы жағынан үлкен емес, бірақ, ежелгі тарихи ескерткіштерімен, көрікті табиғатымен, жергілікті халықтың қонақжайлығымен танымал болған елдердің бірі. Түркия немесе Грекия сынды туристердің саны жағынан алдыңғы орында болмаса да, жағажайда демалғанды ұнататындардың сүйікті орталығы. Ауа-райы тұрақты, қызмет көрсету орталықтарының жұмысы сапалы және азық-түліктің бағасы да қымбат емес. Егер Болгарияға саяхаттауға ниет етсеңіз, келесідей амалдарды орындауды ұмытпаңыз.

Әдеттегідей, виза дайындаңыз. Ол үшін шетелдік төлқұжат, куәлік, медициналық сақтандыру сынды қажетті құжаттарды дайындауыңыз қажет. Одан кейін консулдық қызметтерге жүгінесіз.

Әуе ұшағына билет алу. Мысалы, Алматыдан Болгарияның Бургас қаласына бару тікелей емес, екі немесе үш рейспен ғана жүзеге асады. Air Astana-мен жалпы билетке 300-350 мың теңге жұмсалады. Одан басқа S7 Airlines, Czech Airlines, Aeroflot әуе компанияларының қызметіне жүгіне аласыз. Олардың бағасы 690 мыңнан басталып,  1 млн 800 мың теңгеге дейін жетеді.

Қонақ үйді алдын-ала брондау. Барғыңыз келетін қаланы таңдағаннан кейін, қаражатыңызға қарай қоныстанатын орныңызды дайындап қойыңыз. Қонақ үй іздейтін болсаңыз, міндетті түрде Hotellook сайтына кіргеніңіз жөн. Қалалардағы қонақ үй тізімін қарап, бағалары мен қызмет көрсету деңгейін салыстыра аласыз. Қалаған қонақ үйіңізден бөлме брондап қоюға жағдай жасалған. Бөлме жалдаудың бір күндік бағасы 4 мыңнан басталып, 110 мың теңгеге дейін жетеді. Немесе қаладан арнайы пәтер жалдасаңыз да болады. Ол да қонақ үйге жұмсалатын қаражатпен бірдей бағада. Ал денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе, Болгарияның танымал курорттарында демалу сіз үшін таптырмас мүмкіндіктердің бірі.

Тамақтанатын орындарды дұрыс таңдау. Болгарияның тамақ мәзірі біздікінен біршама өзгеше және оның аспаздық ерекшеліктерін дұрыс білмейсіз. Сондықтан тамақтанатын орныңызды ойланып, сенімді жерді таңдағыныңыз дұрыс. Мейрамхана бағалары да  әр ауданда әр түрлі. Мысалы, бір дәмханада тамақтану орташа құны  5-7 лев (900-1300 теңге) аралығын құраса, дәл сондай тағамды басқа орыннан тапсырыс беруге 7-10 лев (1300-1800 теңге) қаражатыңыз жұмсалады. Туристердің жиі демалатын аймақтарында және маусымдық кезеңдерде тағамдардың бағасы да көтеріледі. Айта кету керек, Болгарияда фастфуд тағамдарына деген сұраныс жоғары. Қала аралағанда Макдоналдс, донер сататын орындарды көптеп кездестіруге болады.

Елді мекеннің көрікті жерлерін аралау. Болгарияға барсаңыз, міндетті түрде ежелгі қала саналатын Несбрді аралаңыз. Сіз елді-мекеннің жүз жылдық тарихи әрі мәдени ескерткіштерін тамашалауға мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар, Пловдив қаласындағы Римдік Амфитеатр сіздің назарыңызға лайықты жерлердің бірі.

[caption id="" align="aligncenter" width="926"]Болгарияға саяхаттауға шықсаңыз...  Фото: tourprom.ru[/caption]

Раушандар алаңы (Долина роз)

[caption id="" align="aligncenter" width="699"]Болгарияға саяхаттауға шықсаңыз...  Фото: img0.liveinternet.ru[/caption]

Таулы аймақтағы Раушандар алаңы - туристерді қызықтыратын сүйікті жер. Болгарияның транспорттық орталығы саналатын Қазанлық қаласына жақын жерде орналасқан. Раушандар алаңына бару үшін автобусқа немесе таксиге мінсеңіз болады. Такси жүргізушісіне шамамен 1500-2000 теңге төлейсіз.

Aqua Planet аквапаркі

[caption id="" align="aligncenter" width="800"]Болгарияға саяхаттауға шықсаңыз...  Фото: capricorn.ru[/caption]

Aqua Planet аквапаркі - курорттық Приморск қаласындағы отбасылық демалысқа арналған аквапарк. Болгарияның Қара теңіз жағалауында орналасқан. Кіру бағасы 2000 теңге шамасында.

Похожие материалы