Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz — Bollinger Motors Hummer және Land Rover Defender гибридтеріне ұқсас жол талғамайтын электр көлігін ресми таныстырды.
Тesla-дан қарағанда қондырғы панелі мен электроника және компьютерлері жоқ. Ашық салон деуге болады. Land Rover Defender немесе ресейлік УАЗ-ға, көбірек әскери көлікке ұқсайды. Бір ерекшелігі электрлі болып саналады.
Онда радио, iPod-қа арналған AUX-кіру және SD-картаға арналған слот болады.Оның аппараты тек механикалық одометрмен, спидометр, тахометр, бұрылыс көрсеткіші, ал жаңадан - батарея зарядтау деңгейінің индикаторы болады.
Егер артқы отырғышын алып тастаса, жүк салғыштың көлемі 2,6 мың литрді құрайды. Қозғалтқыштың жоқтығынан алдында 400 литрге арналған жүк салғышы болады. Сондай-ақ, B1 SUT 110 вольтқа қосылған розеткалармен бірге, кемпинг пен құралдарды қосуға болады.
Автомобильдің қуаты 360 л. с. және екпіні 4,5 секундта 60 км/сағ дейін жетеді. Максималды жылдамдығы - 200 км/сағ. Автомобильдің салмағы 1,6 тоннаны құрайды, бұл жол талғамайтын көліктер үшін көп емес. Жүк көтергіш мүмкіндігі - 2,7 тонна.
B1 SUT-та батарея блогының екі нұсқасы қол жетімді болады - 60 кВт/сағ және 100 кВт/сағ, сәйкесінше арақашықтығы 193 және 320 км. Әрине, егер машинаның жүгі көп болса, көлемі аз болады.
Bollinger Motors инженері Джон Хатчисонның сөзінше, АҚШ-та жүргізуші орташа 36 мил жол жүреді, сондықтан B1-де барлық қажетті нәрсе барын айтады.
B1 бағасы жылдың соңында белгілі болады. Bollinger-ді 19 айда жасап шығару жоспарланған.
Айгүл Хожантаева