Астана. 7 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылы «Жұмыс» порталындағы мәліметтер бойынша Қазақстанда бос жұмыс орындарының басым көпшілігі Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысы. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Аталған аймақтарда бос жұмыс орындарының көреткіші 16%-ды құрайды, Астана қаласында 12%, Батыс Қазақстан облысында 10%.
Порталдағы бос орындардың басым бөлігі қызмет көрсету салаларына (11 533, жалпы жұмыс орындарының 20%-ы), өнеркәсіп пен өндіріс (7 599, 13%), құрылыс пен абаттандыру (4 595, 8%), білім және ғылым (4 548, 7%), медицина мен дәрі-дәрмек нарығына (4 467, 7%) тиесілі.
Былтыр аталған порталға жаңадан тіркелген 12 мың 398 пайдаланушының 7 мың 543-і кәсіпорындар санатынан болған. Бір жыл ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарын есептегенде, барлығы 60 мыңға жуық бос жұмыс орны мен 52 мың түйіндеме орналастырылған.
82,6% вакансияда толық жұмыс күні талап етілсе, 3,7%-ында жартылай жұмыс күні деп көрсетілген. Сонымен қатар, 3,3% үйдегі жұмыс ұсынылып, толық емес жұмыс аптасы мен өзге де ерекшеліктер 3%-құрауда.
Жұмыс берушілер порталда өздігінен орналастырған 15 мың 988 бос жұмыс орнының 71%-да, жұмыс өтіліне айрықша талап қойылмағандықтан, жастардың еңбекпен қамтылуына оң әсер еткен.