Бота Елеусізова Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды
Алматы облысы. 22 қараша. 7kun.kz – Алматы облысы әкімінің өкімімен Елеусізова Бота Серікқызы Алматы облысы ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бота Серікқызы 1975 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын аяқтаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында «Надежда» агроөндірістік фирмасында бастаған.
Мемлекеттік қызметті 2002 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген селолық округі әкімі аппаратының маманы лауазымынан бастаған. Әр жылдары осы округтің әкімінің орынбасары, әкімі болып еңбек еткен.
2019 жылдан Кеген ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ағымдағы жылдың қазанынан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы.