Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ботагөз Жұмановаға шабуыл жасаған жігіт 2 айға тұтқындалды

Ботагөз Жұмановаға шабуыл жасаған жігіт 2 айға тұтқындалды

Ботагөз Жұмановаға қастандық жасаған күдікті 2 ай мерзімінде қамауға алынды. Алматы қаласы Алмалы ауданының сотының қаулысы бойынша, осындай шара мақұлданды деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

"Қолға түскен Мырзахан О.С. ҚР Қылмыстық Кодексінің 2 бөлім 191 бабы бойынша (тонау) күдікті ретінде танылды. Мырзахан О. С. қылмыстық іске қатысты түсініктеме беру кезінде Ботагөз Жұмановаға тонамақ ниетте шабуыл жасағанын, бірақ көршілердің  кедергі болғанын мәлімдеді", - делінген хабарламада. Еске салайық, танымал журналист Бота Жұманованы 8 қазан күні белгісіз біреу соққыға жыққан еді. Журналистің достары бұл оқиға Ботаның журналистік қызметімен байланысты болуы мүмкін деген болжамдар айтып отыр. 10 қазан күні Алматы қаласыны Алмалы ауданының полиция бөлімі Қылмыстық Кодекстің 293 бөліміне сәйкес (бұзақылық), сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу амалдары ІІМ-нің арнайы бақылауына алынды.

Похожие материалы