Экономика
Ботагөз Жұманованы ұрған күдікті туралы ақпарат берген адамға сыйақы төленеді
Танымал журналист Ботагөз Жұманованы соққыға жыққан күдікті жайлы ақпарат берген адамға қомақты қаржы төленеді. Бұл туралы бірнеше сағат бұрын, танымал кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов өзінің фейсбук парақшасында жазды.
"Қылмыскерге қатысты ақпарат бергендерге сыйақы беріледі! Іс өте маңызды, ақпаратты тарату керек!
Бота Жұмановаға шабуыл жасаған адамды іздеп табуға көмектескім келеді. Күдіктіге қатысты ақпарат жеткізген адамға Green Auto Service компаниясының атынан 100 000 мың теңге сыйақы беріледі. Ақпарат беруші адамның бонусын көбейткісі келетін, өз үлесін қосқысы келетін кәсіпкерлер мен достар болса ризашылығымды білдіремін. Қаржыға байланысты ақпарды пікірге қалдырыңыздар.
Қылмыскерді ұстауға көмектесетін ақпараттар болса жеке парақшама жазыңыздар".
Еске салайық, кеше танымал қаржы журналисі Ботагоз Жұманованы 8 қазан күні белгісіз біреу соққыға жыққаны туралы хабарланған болатын. Журналисттің достары оқиғаны Ботаның журналисттік қызметімен байланысты деген пікір айтып отыр.