
БҚО. 9 қыркүйек. 7kun.kz – Батыс Қазақстан облысында «Volkswagen Sharan» автокөлігі 4 жылқыға соқтығысып, 5 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оқиға 9 қыркүйек күні сағат 6:50-де Ақжайық ауданы аумағында болды.
«Орал-Атырау жолының 85-шақырымында Самал ауылы тұсында «Volkswagen Sharan» автокөлігі жылқыларды қаққан. Салдарынан түрлі жарақат алған 5 адам құтқарылып, Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың екеуі – үш айлық және бір айлық сәбилер. Сондай-ақ, 1979 жылғы жүргізуші, 1983 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыз зардап шекті», - деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына барған трассалық-медициналық құтқару бекеті қызметкерлерінің сөзінше, жылқының бәрі де өлген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда.