Экономика
БҚО-да "Bastau Бизнестің" әрбір үшінші қатысушысы өз ісін ашты
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Ағымдағы жылы «Bastau Бизнес» Батыс Қазақстан облысында барлық 12 аудан мен Ақсай моноқаласын қамтыды. Қаржыландырылған жобалар бойынша БҚО Қазақстан бойынша бірінші орында.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Ербол Едгенов: «Жоспарлы көрсеткіш бойынша оқытылғандар саны - 2071 адам. "Bastau Бизнес" жобасы шеңберінде бизнес ашқан қатысушылардың үлесі жалпы санының кемінде 20 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта оқытылған 1833 қатысушының 538-і 1,9 миллиард теңгеге қаржыландыру алды. Осылайша, Bastau жобасының әрбір үшінші қатысушысы өз ісін ашты. БҚО қаржыландырылған жобалар бойынша бірінші орында», - деп атап өтті.
Іске асырылған жобалардың негізгі үлесі ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға тиесілі, бірақ басқа бағыттардағы жобалар да бар.