Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БҚО-да «Даму» қоры арқылы 92 млрд теңгеге 720 жоба мақұлданды

БҚО-да «Даму» қоры арқылы 92 млрд теңгеге 720 жоба мақұлданды

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы» тақырыбында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Нұржан Қалиашановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

2018 жылдың 11 айында Батыс Қазақстан аймағында несиенің жалпы сомасы 11,4 млрд теңге болатын 53 субсидиялау келісім-шарттарына қол қойылды. Субсидиялау бағдарламасы барысында несиелік портфелдің 92 млрд теңге болатын 720 жоба мақұлданды. Екінші деңгейлі банктерде қаржыландыру кезінде кепілдік қамсыздандырудың жетіспеушілігі жағдайында, аталмыш бағдарлама аясында кәсіпкер Даму қорының кепілдемесін де пайдалана алады. Яғни, әрекет етуші кәсіпкер Банктен несие құнының 50% мөлшерінде несие алу мүмкіндігіне ие болады, жас кәсіпкер несие сомасынан 85% дейінгі мөлшерде Қор кепілдемесін ала алады.

Биылғы жылдың 11 айында Батыс Қазақстан облысында кепілдеме бойынша несиелік портфелдің 2,4 млрд теңге болатын жалпы сомасына 91 жоба мақұлданды.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы – 6% жылдық есеппен 6 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі бизнес-жобаларды жүзеге асыруға арналған. Даму қорының кепілдемесімен жұмыссыз, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін микронесиелеу қарастырылған.

2018 жылдың 11 айында серіктес-банктермен жалпы сомасы 847,9 млн теңге болатын 97 жоба, ал «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы аясында жалпы сомасы 220 млн.тг болатын 2 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, Даму қоры Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге «Даму-Ақжайық» бағдарламасы бойынша БҚО аумағында тіркелген және қызмет ететін СШОК қаржыландыруға қаржы бөледі. Ағымдағы жылдың 11 айында серіктес-банктермен бағдарлама аясында жалпы сомасы 1 647,4 млн тг болатын 42 жоба қаржыландырылды.

Биыл елімізде «Қазақстандағы төмен көміртекті дамыту үшін тұрақты қалалар» атты жаңа бағдарлама қабылданды. Бағдарлама энергосервистік компанияларды қолдау мен дамытуға бағытталған. Осы орайда несиенің жалпы сомасы 40 млн теңге болатын 1 жоба мақұлданды.

Похожие материалы