Экономика
Бразилия билігі шығындарды азайтуда
Бразилия билігі 2016 жылы бюджет тапшылығын көрмес үшін шығындарды 26 млрд реалға дейін (6,8 млрд долларға жуық) қысқартпақ. Бұл жөнінде дүйсенбі күні оңтүстік америка елінің қаржы министрі Жоаким Леви мен бюджетті жоспарлау және басқару министрі Нелсон Барбозаның қатысуымен өткен бірлескен отырыста айтылды деп хабарлайды ТАСС.
"Бұндай әдісті қолдану керек пе, жоқ па білмеймін. Әйтеуір бұл өте көлемді қысқарту екенін сөзсіз", — дейді қажы ведомствосының басшысы. Билік жария еткен шаралар мемлекеттік сектордағы жұмыс орындарын қысқартуды, мемлекеттік қызметерлердің жалақысын қысқартуды, сонымен бірге денсаулық сақтау және тұрғын-үй саясатына арналған жобалардың шығындарын қысқартуды қарастырады.
Мемлекеттік шығындарды қысқартудан бөлек, билік төрт жыл мерзімге қаржы құралдарын айналымына арналған уақытша салық енгізуді ұсынып отыр. Ол заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың да жүзеге асыратын транзакцияларына қатысты болмақ. Бірақ бұл бастаманы жүзеге асыру үшін парламенттің мақұлдауы керек.
Өткен сәрсенбіде Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Бразилияның несие рейтингін «BBB-»-дан " BB+"-ға азайтқан еді. Агенттік сарапшыларының айтуынша, соңғы рет 28 шілде күні қарастылырған рейтингтен кейін Бразилияның несие рейтингі әлсіреген.