Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Brent мұнайының бағасы $50-дан асты

Brent мұнайының бағасы $50-дан асты

2015 жылдың 3 қарашасында мұнай бағасы өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша айтарлықтай өсуін көрсетті.

Американдық мұнай институтының (API) ақпараты бойынша, қазан айындағы шикі мұнай қорының көлемі өсу қарқынын азайтқан. Өткен аптада мұнай қоры 4,8 млн баррелге көбейсе, осы аптадағы өсім 2,8 млн баррель болды. Brent мұнайының желтоқсандық фьючерстері 3,59%-ға артып, барреліне $50,54 құрады. Мұнай бағасы $48,46-ға дейін түсіп, ал максимал баға $50,91-ға дейін жетті. Сауда қорытындысы бойынша, Brent мұнайымен 275,351 мың келісім жасалған. WTI мұнайының желтоқсандық фьючерстерінің бағасы $45,96-$48,48 көлемінде болды. Сауданың жабылу сәтінде баға 3,81%-ға артып, $47,9 долларды көрсетті. Фото: bbc.com сайтынан алынды. 

Похожие материалы