Алматы. 9 наурыз. 7kun.kz — Лондонда ICE биржасының сауда-саттығында Brent мұнайының баррелі 2016 жылдың желтоқсан айынан бері алғаш рет 53 доллардан төмендеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Мұны сауда-саттық деректері растады. Сауда-саттық барысында Brent мұнайына мамыр айының фьючерстер құны 5 пайызға дейін төмендеп, барреліне $52,77 құрады. Бүгін таңертең Brent мұнайы 53,19 долларға бағаланды.
WTI маркалы мұнай бағасы да 5%-ға дейін арзандап, өткен жылдың желтоқсан айындағы ең төменгі көрсеткіштерді жаңартты. WTI баррелі $50,33 долларға саудаланды. АҚШ-тың энергетика министрлігі елдегі мұнай қоры туралы деректерді жария еткен соң, мұнай бағасы күрт құлдырады.
24 ақпаннан 3 наурызға дейінгі аралықта мұнай қоры 8,22 миллион баррельге, 528,4 миллион баррельге ұлғайған. Ал сарапшылар мұнай қорын небары 1,97 миллион баррельге көбейеді деп күткен еді.