Лондон. 24 тамыз. 7kun.kz - Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің бүгінгі күнгі бағасы $0,7 (0,5%) өсіп, барреліне 52,57 долларды құрады. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX) $0,04 (0,08%) түсіп, барреліне 48,37 долларды құрады.