Экономика
Brent маркалы мұнайы қайта арзандап жатыр
Лондон. 7 маусым. 7kun.kz - Нигериядағы мұнай өндіру қорының азаю есебінен 2015 жылдың 4 қазаннан бастап бағасы өскен Brent маркалы мұнайы қайта арзандай бастады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Дүйсенбі күні мұнай бағасы үдемелі өсіп, Brent маркасының бағасы 2015 жылдың 4 қазанынан бері өсіп, барреліне 50,83 долларға тұрақтады. Бұл Нигерияда өндірілетін қара алтын қорының азаюынан болған еді.
Тамыз айына арналған фьючерс бағасына сәйкес Brent маркалы мұнайы барреліне 0,2%-ға - 50,45 долларға арзандады.
Нигериядағы мұнай өндіру «Нигердің дельта кек алушылары» радикалды ұйымының шабуылдарынан азайған болатын. БАҚ ақпаратына сәйкес, радикалды топ Shell компаниясына тиесілі екі мұнай құбырын бұзған болатын. «Нигердің дельта кек алушылары» мүшелері, тіпті, «Нигериядағы мұнай өндіруді мүлдем тоқтатып тастаймыз» деп те айқан болатын.
Сейсенбі күні инвесторлар бір күн бұрын түскен табысты есептегенде мұнай нарығынан теріс тенденцияны байқаған. Алайда Рейтер агенттігі мұнай бағасының өсуі ақырын болса да жалғасып жатыр дейді.